CAMP IT: біздің үздіктер!

    Қорған облысының Білім және ғылым департаментінің шақыруы бойынша дарынды балаларға арналған Қорған лицей-интернатының базасында өткен «CAMP IT» 1 тақырыптық ауысымына Қостанай облысының оқушылары қатысты.

    Қостанай қ. физика-математикалық лицейінен, дарынды балаларға арналған «Озат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан және дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатынан 4 оқушы «Дискретті математика және комбинаторика», «Информатика», «Сандық технологиялар негіздері» бағдарламалары бойынша сабақ алды. Екі апта бойы (23 қыркүйектен 7 қазанға дейін) балалармен Ресейдің көптеген өңірлерінен, соның ішінде Сколководан келген оқытушылар айналысты.

    Ауысым нәтижесі менторлардың басшылығымен шағын топтарда әзірленген жобалар болды.

    Біздің командадағы Сергей Трефилов (ФМЛ), Алишер Жұмаділов («Озат» АТММЛИ), Кәбдікәрім Темірлан (БИЛ) және Шәміл Аманжол (БИЛ) жоба байқауының қорытындысы бойынша әзірленген «eBag» кітапхана-қосымшасы үшін гран-при алды.

    Балалар жаңа достар, жақсы эмоциядан басқа, жаңа жобаларда қолдана алатын жаңа білім алды.

    10 қазанда 2 тақырыптық ауысым басталады, оған Қостанай қ. физика-математикалық лицейінен, дарынды балаларға арналған «Озат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан және дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатынан 4 оқушы қатысады.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, екі ауысымның қорытындысы бойынша үздік жоба авторлары 3 ауысымға шақырылады. Біздің балалар солардың қатарында болады деп үміттенеміз!!!