7-10 сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиетінен облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы
2021 жылдың 01-02 ақпанында 7-10 сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиетінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен 2 240 оқушы қатысты, оның ішінде 1180 (52,7 %) ауыл мектептерінен. Әулиекөл және Денисов аудандарының оқушылары ең аз белсенділік танытты. Өңірлер арасында Қостанай қ. (420 қатысушы), Рудный қ. (392 қатысушы) және Қостанай ауданын (180 қатысушы) атап өтуге болады.
Бұл олимпиаданың ең белсенді қатысушылары 8 сыныптың - 744 оқушылары атанды.
Олимпиада тапсырмаларын 449 қатысушы сәтті орындады. Оның ішінде 63 оқушы 1 орын, 161 – 2 орын және 225 оқушы 3 орын алды. 100% тапсырмаларды 18 оқушы орындады: 2 оқушы – 7 сынып, 11 оқушы - 8 сынып және 5 оқушы - 10 сынып.
Өңірлер арасында Әулиекөл (66,7%), Қамысты (38,5%) және Қарабалық (29,3%) аудандары ең жақсы нәтиже көрсетті.
Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификат алды, ал жүлдегерлерге диплом дайындалады.