«Абай әлемі» Республикалық шығармашылық конкурсының қорытындысы

    Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2020 жылдың 10-12 желтоқсанында «Абай әлемі» Республикалық шығармашылық конкурсын ұйымдастырды.

    Конкурсқа 8-11 сынып оқушылары қатысты. Республиканың әр өңірінен 12 адам өтініш білдірді.

    Конкурс екі бағыт бойынша өткізілді:

    - «Жүрегімнің түбіне терең бойла...»- эссе;

    - «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» -  поэзиялық конкурсы.

    Біздің облысымыздың намысын қорғаған Амангелді, Қостанай аудандары және Рудный қаласының оқушылары.

    «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» Амангелді ауданы Тасты орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қабдрашова Марал 1 дәрежелі дипломымен марапатталды. Рудный қаласы Б.Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Тоққожаев Жамбыл 3 орын алды.

    Алғыс хаттармен марапатталған қатысушылар:

    - Рудный қаласы Б. Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Сәбитбек Айқүміс;

    - Қабдыхамитов Ерназ, Амангелді ауданының Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

    - Серкебаева Айкен, Рудный қаласының № 19 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

    - Құрмантай Фариза, Қостанай ауданы Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.

    «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» номинациясы бойынша - Рудный қаласының № 19 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жақсымұратов Ерұлан 1 дәрежелі дипломымен марапатталды. Құрманғазықызы Шапағат, Қостанай ауданы Совхоз орта мектебінің 9 сынып оқушысы 3 дәрежелі дипломымен марапатталды.

    Алғыс хаттар табысталды:

    - Рудный қаласының № 19 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Оңғарова Лизаға;

    - Рудный қаласы Б. Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Рамазан Әлішерге ; - Қостанай ауданы Айсары орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ізтілеуова Әйгерімге.