«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XVІ Халықаралық ғылыми жарыстарының он-лайн режимінде өткізу қорытындысы
- Мишуткин Дмитрий, Рудный қаласының №10 мектеп-гимназиясы;
- Корчагина Полина, физика-математикалық лицейі, Қостанай қаласы;
- Тимаев Альберт, физика-математика лицейі, Қостанай қаласы;
- Танжарыков Ақжол, Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы, Рудный қаласы;
- Сулейменова Тэмила, Глоба Анастасия, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты;
- Сариев Алишер, Сергеев Никита, М. Қозыбаев атындағы №23 орта мектебі, Қостанай қаласы.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 22 мамырында алғаш рет онлайн режимде «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XVІ Халықаралық ғылыми жарыстарын өткізді .
Жарыс оқушылардың ғарышкерлік, инфрақұрылымның ғарыштық технологиялар және модельдеу, астрофизика салаларындағы қолданбалы зерттеулерге ғылыми-зерттеу қабілеттерін ынталандыруға бағытталған.
Республиканың қалаларынан, сондай–ақ жақын шет елдерден (РФ - 5, Қырғызстан - 4) жас зерттеушілер тікелей эфирде өздерінің жобаларын ұсынып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді.
Қатысушылар қазақ немесе орыс тілдерінде мына 5 секциялардың бірінде өнертабыс, теория немесе жоба туралы баяндайтын жетіминуттық презентация ұсынды: «Ғарыштық техника және инфрақұрылым», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу», «Экология және ғарыштық қызмет», «Астрофизика және Ғаламның эволюциясы», «Күн жүйесі».
Қазылар алқасы 143 оқушының 109 жобасын тыңдады. Жарыс қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен 15 қатысушы - І дәрежелі, 22 - ІІ дәрежелі, 30 қатысушы - ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Қостанай облысы Қостанай, Рудный қалалары мен «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан 11 автордың 8 жобасымен ұсынылды. 8 автордың 6 жобасы ғылыми жарыстардың жүлдегері болып атанды:
II дәрежелі дипломдармен марапатталады:
III дәрежелі дипломдармен марапатталады:
Жарыстар Ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.