2023 жылдың 30 қарашасы мен 1 желтоқсанда Қостанай облысының педагогтері дарынды балалармен жұмыс бойынша 2 облыстық вебинар өткізді.
Вебинарларды Рудный қ. мен Қамысты ауданының ұстаздары өткізді.
«Рудный қаласы білім бөлімінің № 13 жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімдері өз вебинарының тақырыбы ретінде «Оқушының зияткерлік әлеуетін іске асыру» тақырыбын таңдады.
Мектеп оқушыларының зияткерлік әлеуетін іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бастауыш сынып мұғалімдері, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері таныстырды.
Мәселен, директордың орынбасары Е.Я. Маленкова дарынды оқушыларды анықтау, оқыту және дамыту барысы және олармен жүргізілетін жұмыс түрлері туралы баяндап берсе, бастауыш сынып мұғалімі І.Б.Бақытбек оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту бойынша өз сабақтарында STEM технологияларын қолдану тәжірибесімен бөлісті. Қазақ тілі мен әдебиеті (Сабитова Г.Ж.), география (Испамбетова Л.В.), биология (Мейрімхан Ж.М.) пәндері мұғалімдері геймификация әдістерін қолдану, ұстаз бен шәкірттің сабақта және сабақтан тыс уақытта ғылыми-зерттеу жобасын дайындау үдерісіндегі ынтымақтастығы туралы әңгімеледі.
Қамысты ауданының № 2 Қамысты жалпы білім беретін мектебінің ұжымы «Дарындылықты дамыту жолдары» тақырыбын таңдады. Вебинарға қатысушылардың әрқайсысы өз тақырыбы аясында қазақ тілі мен әдебиеті (Айтмағанбетова Т.Т.), география (Жеңісхан А.), музыка (Бейсенбаева Э.Г.) сабақтарында, сондай-ақ бастауыш сыныптарда (Гизатова А.К.) дарындылықты дамыту жөніндегі жұмыс жүйесін ашты. Мектеп психологы А.А. Кенебаева өз мектебінде дарынды балалармен жұмыс істеу ерекшеліктеріне тоқталды.
Вебинарларға Қостанай облысы білім беру ұйымдарынан 92 педагог қатысты. Вебинарлардың бейнежазбасы «Қостанай дарыны» ӨОӘО арнасында мына сілтеме арқылы қолжетімді: https://www.youtube.com/channel/UCO1qP9cEQ23yWDWbBRMNBSQ.