«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 21 ақпанда «Федоров ауданы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында Федоров және Қарабалық аудандарының математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математика сабақтарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» әдістемелік семинарын өткізді.
Семинарға 20 педагог қатысты. Семинарда Қостанай қ. М. Горький атындағы гимназиясы математика пәнінің мұғалімі Куренова Назгүл Клышбайқызының, Қостанай қ. №22 жалпы білім беретін мектебі математика пәнінің мұғалімі Станогина Наталья Владимировнаның жұмыс тәжірибесі ұсынылды.
Назгүл Клышбайқызы математика пәні сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті, тыңдаушыларды функционалдық сауаттылықтың негізгі элементтерімен, тапсырмалардың ерекшеліктерімен таныстырды және математикалық сауаттылықты дамытуға бағытталған есептерді шешу бойынша практикалық блок өткізді.
Наталья Владимировна тыңдаушылардың назарына мектептегі математикалық білім беруді цифрландыру бойынша материалдарды ұсынды, интерактивті құралдар жасауға арналған сервистермен, кеңістікте 3D геометриялық фигуралар жасауға арналған Quiver қосымшасымен, математика сабақтарында және басқа интернет-ресурстарда әртүрлі тақырыптар бойынша жаттығулар жасауға арналған LearningApps.org платформасымен таныстырды.
Ұстаздарға жұмыс тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыс айтамыз!
Оставить комментарий