Хемоинформатика бойынша вебинары

    2020 жылдың 22 мамыр күні хемоинформатика бойынша вебинардың екінші бөлімі өтті. Вебинар облыстың білім беру ұйымдарының химия мұғалімдеріне арналған.

    Жаттықтырушы - Карина Ансагановна Нугуманова, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі.

    Вебинардың екінші бөлімі жобалық қызметке арналды. Мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушысы, облыстық жобалар конкурсының жүлдегері Камила Утегенова қатысушыларды өзінің «Хемоинформатика» курсын зерделеу аясында орындалған «Проект калориметрической установки на основе Arduino» жобасымен атныстырды.

    Сабаққа Қостанай, Лисаков қалаларынан, Жітіқара, Қамысты, Сарыкөл аудандарының білім беру ұйымдарынан, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатын мен «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан 28 педагог қосылды.