Облыс педагогтеріне арналған облыстық вебинар
2022 жылдың 20 желтоқсанында облыс педагогтеріне арналған облыстық вебинар өткізілді. «Дарынды балалармен жұмыс жүйесі» атты облыстық вебинарды Федоров ауданының Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы өткізді.
Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп – Федоров ауданындағы маңдайалды мектептердің бірі. Мектеп қоржынында оқушылар арасында да, педагогтар арасында да облыстық және республикалық деңгейде жетістіктер бар.
Вебинар бағдарламасымен қатысушыларға қазақ тілі мен әдебиеті (Қалиева Г.К.), химия және биология (Резник И.С.), дене шынықтыру (Сысолятин О.О.), информатика (Садовский Д.А.), бастауыш мектеп бойынша (Клевжец Н.В.) мектеп ұстаздарының баяндамалары ұсынылды. Мұғалімдердің әрқайсысы дарынды балалармен өз пәні бойынша және сабақтан тыс уақытта жұмыс істеу жүйесін көрсетті. Тарих пәнінің мұғалімі Р.В. Криволапов мектептің пікірсайыс клубының жұмысы туралы айтып берсе, ал психолог А.С.Панкрац дарынды оқушыларды психологиялық қолдау бойынша өз жетістіктерімен бөлісті.
Вебинарға қатысушылар ұжымның оң тәжірибесін атап өтті. Вебинар жұмысына Қостанай облысының 6 өңірінен 25 білім беру ұйымының 70 педагогі қатысты.
Вебинардың бейнежазбасын мына сілтеме бойынша біздің арнамыздан бақылай аласыздар: https://www.youtube.com/channel/UCO1qP9cEQ23yWDWbBRMNBSQ