Биология пәнінің мұғалімдеріне арналған оқыту семинары

    «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 5 қазанда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңінің қазылар алқасының құрамына кіретін мұғалімдерге арналған «Биология пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларды шешу» облыстық семинарын өткізді. Семинардың негізгі мақсаты жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиадаға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.

    Семинарға облыстың 13 ауданынан және 3 қаласынан 17 мұғалім қатысты. Семинарды А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жаратылыстану пәндері кафедрасының аға оқытушысы Аян Сұлтанқызы Қожмұхаметова өткізді.

    Қатысушылар республикалық олимпиаданың әртүрлі кезеңдерінде оқушыларға ұсынылған тапсырмаларды қарады. Тыңдаушылар семинардың өнімділігі мен жаттықтырушының кәсібилігін атап өтті. Барлық педагогтерге сертификаттар табысталды.