IJSO халықаралық олимпиадасы

     

      

     

    2021 жылғы 12-21 желтоқсан аралығында он-лайн режимде физика, биология және химия пәндері бойынша (International Junior Science Olympiad – IJSO) Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Ұйымдастырушы ел Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Дубай қаласы болып табылады. Оқушылар Нұр-Сұлтан қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің базасының олимпиадасына қатысты. Жарысқа әлемнің 50 елінен келген оқушылар командасы қатысты.

    Қазақстан құрама командасына еліміздің 6 үздік оқушылары кірді, олардың бірі дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Самойленко Арсений.

    Олимпиада қорытындысы бойынша Арсений қола медаль және III дәрежелі диплом иегері атанды.

    Арсенийді лайықты табысымен құттықтаймыз!