«ECOSTAN-ға САЯХАТ» Республикалық экологиялық конкурсының қорытындылары туралы

    Қазақстан өңірлеріндегі экологиялық проблемаларға оқушылардың назарын аудару, экологиялық проблемаларды шешуде шығармашылық белсенділікті дамыту, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында, 2020 жылдың 27 қарашасы мен 4 желтоқсаны аралығында «ECOSTAN-ға САЯХАТ» республикалық экологиялық конкурсы өтті.

    Конкурсқа екі бағыт бойынша 10 жұмыс жіберілді («Үздік натуралистік фоторепортаж» - 6 жұмыс, «Үздік экологиялық бейнеролигі» - 4 жұмыс).

    Конкурс қорытындысы бойынша облыс оқушылары екі жүлделі орынға ие болды:

    II орын - Янгильдина Алина, Жітіқара ауданының №1 негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы;

    III орын - Попова Анастасия, Рудный қаласының № 4 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы

    Екі жұмыс «Eco-Nazar»: біздің айналамыздағы экологиялық проблемалар» номинациясында ұсынылды.

    Сондай - ақ Жітіқара ауданының гимназиясының 11 сынып оқушысы Позднякова Милана «Ғаламшарға өмір сыйла» номинациясында грамотамен марапатталды.

    Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз!