Астанада қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша республиканың ауыл мектептерінде оқитын 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі аяқталды.
Олимпиада 21-25 қаңтар аралығында дәстүрлі форматта екі турда өтті.
Олимпиаданың бастапқы кезеңіне Қостанай облысының ауыл мектептерінің 2000-нан астам оқушысы қатысты, облыстық (іріктеу) - 641 оқушы, оның қорытындысы бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңінде біздің облыстың атынан қатысатын оқушылар іріктелді.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан 17 қатысушының 4-еуі Әулиекөл ауданынан, Жангелдин және Қостанай аудандарынан 3 оқушыдан, Амангелді, Қарабалық және Науырзым аудандарынан 2 оқушыдан және Б. Майлин ауданынан 1 оқушы.
6 қатысушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 1 бірінші, 4 екінші және 1 үшінші орын, тағы 2 оқушы грамоталармен марапатталды:
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Сынып |
Пән |
Мектеп |
Орын |
1 |
Джилкибаев Мирас |
11 |
Ағылшын тілі |
Жамбыл жалпы білім беретін мектебі, Қостанай ауданы |
1 |
2 |
Абдисагилова Аида |
10 |
Ағылшын тілі |
И.Я.Сьянов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі, Әулиекөл ауданы |
2 |
3 |
Романова Надежда |
11 |
Ағылшын тілі |
Максим Горький атындағы жалпы білім беретін мектеп, Қарабалық ауданы |
2 |
4 |
Шварцкоп Татьяна |
10 |
Орыс тілі мен әдебиеті |
Береговое жалпы білім беретін мектебі, Б.Майлин ауданы |
2 |
5 |
Шауберт Ксения |
11 |
Орыс тілі мен әдебиеті |
Сұлтан Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназиясы, Әулиекөл ауданы |
2 |
6 |
Гуль Денис |
10 |
Ағылшын тілі |
Абай Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп, Қарабалық ауданы |
3 |
7 |
Бондарь Лидия |
11 |
Қазақстан тарихы |
Московский жалпы білім беретін мектебі, Қостанай ауданы |
грамота |
8 |
Жолдыбек Карина |
11 |
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі |
Амангелді жалпы білім беретін мектебі, Амангелді ауданы |
грамота |
Жоғары нәтиже көрсеткендеріңізбен құттықтаймыз!