7-10 сынып оқушылары арасында математика пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

     

    2021 жылдың 22-23 ақпанында 7-10 сынып оқушылары арасында математикадан облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен 2 658 оқушы, оның ішінде ауылдық мектептерінен 1381 (52,7 %) оқушы қатысты, Ең аз белсенділік көрсеткен Әулиекөл және Қарасу аудандарының оқушылары. Өңірлер арасында Қостанай қ. (564 қатысушы), Рудный қ. (434 қатысушы) және Қостанай ауданын (244 қатысушы) атап өтуге болады.

    Бұл олимпиаданың ең белсенді қатысушылары 7 сыныптың - 1078 оқушылары.

    Олимпиада тапсырмаларын 254 қатысушы сәтті орындады. Оның ішінде 22 оқушы 1 орын, 78 оқушы 2 орын және 164 оқушы 3 орын алды. 100% тапсырмаларды 15 оқушы орындады: 14 оқушы – 7 сынып, 1 оқушы - 9 сынып.

    Өңірлер арасында Алтынсарин (22,9%), Рудный (18,9 %) және Қостанай (13,8%) қалалары ең нәтижелі өнер көрсетті.

    Олимпиадаға Қостанай облысы колледждерінің 1 курс студенттері қатысты. Колледж студенттері 11 жүлделі орынға ие болды: 1 бірінші, 4 екінші және 6 үшінші.

    Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттар алды, ал жүлдегерлерге диплом дайындалатын болады.

    ИТОГИ