География пәнінің жас мұғалімдеріне арналған семинар

     

      

     

     

    2022 жылғы 26 қаңтарда«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы педагогикалық шеберлік мектебінің жұмысы аясында Қостанай облысының география пәнінің жас мұғалімдеріне арналған on-line семинар өткізді.

    Семинарда Рудный қаласының жалпы білім беретін мектептерінің география пәнінің мұғалімдері Тулегенова Гульдана Сапаровна (№19 ЖБМ), Матвеева Татьяна Александровна (№12 ЖБМ), Жітіқара ауданының гимназия мұғалімі Назеркенова Айнура Канаповнаның дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі көрсетілді.

    Гүлдана Сапаровна дарынды оқушылармен өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, қашықтықтан оқушылармен жұмыс істеу үшін тиімді платформалар ұсынды. Сонымен қатар Jamboard виртуалды тақтасының көмегімен оқушы А.Шахатова олимпиадалық есептердің шешімін көрсетті.

    Татьяна Александровна жас әріптестеріне әр түрлі олимпиадалық тапсырмаларды, оларды шешу жолдарын, оқушыны олимпиадаларға дайындау үшін қосымша әдебиет көздерін ұсынды.

    Айнура Канаповна оқушыларды олимпиадаға дайындау бойынша өз жұмысының әдістемесімен бөлісті, әріптестерін дарынды балалармен жұмыста оқытудың жеке траекториясын құру ерекшеліктерімен таныстырды, ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыруда STEM - тәсілді қолдану қажеттілігін атап өтті.

    Семинар қорытындысы бойынша география пәнінің жас педагогтерінің қоржыны олимпиадаларға дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдармен, сондай-ақ сабақта дарынды оқушыларды қолдау тәсілдерімен толықтырылды.

    Жұмыс тәжірибелерін ұсынғандары үшін мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз.