«Жас кәсіпкер» облыстық викторинасының қорытындылары
2021 жылғы 15 қарашада «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың экономикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 10-сынып оқушылары арасында «Жас кәсіпкер» облыстық викторинасын өткізді.
Викторинаға 38 оқушы қатысты, оның ішінде 11 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Сертификаттармен тапсырмалардың 50%-дан астамын орындаған 15 оқушы марапатталды.
Оқушылардың нәтижелілігін атап өтетін болсақ, Алтынсарин ауданында (3 жүлделі орындары), Әулиекөл ауданында (2) және Ұзынкөл ауданында (2 жүлделі орындары) бар.