Қостанай облысының олимпиадашылар шеруі
2021-2022 оқу жылы бізге үйреншікті оқыту форматына оралуға, дәстүрлі форматта олимпиадалар мен жобалар конкурстарын өткізуге мүмкіндік берді, енді оқушылар бұрынғысынша шүйіркелесе әңгімелесіп, өзара пікір алмаса алады, оларға тың тәжірибе жинақтап, жаңа білім алуға, сондай-ақ өз қарсыластарының көзіне тік қарауға жағдай жасалды.
Иә, әрине, қашықтан оқыту форматы да қатар пайдаланылып, кейбір іс-шаралар онлайн түрде өтетін болады, ол туған мектептен немесе үйден шықпай-ақ, республикалық және халықаралық конкурсқа немесе олимпиадаға қатысуға және оның жүлдегері атануға жол ашады.
Олимпиадалар мен конкурстарға қатысушылардың саны күн санап артып келеді. Облысымыздың әр оқушысы біздің олимпиадаларға, викториналарға, конкурстарға қатысады. Одан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандары облыстың намысын республикалық және халықаралық деңгейде қорғайды.
Пәндік және шығармашылық олимпиадаларда жүлделі орындар алып, оқушыларымыз біздің өңірдегі білім деңгейі бүкіл елмен бәсекелестікке төтеп бере алатынын дәлелдеді.
2021-2022 оқу жылы көптеген жарқын жұлдыздарды сыйлады, олардың ішінде республикалық олимпиадалар мен жобалар конкурстарының жүлдегерлері болған 1-4 және 5-8 сынып оқушылары бар. Сондықтан жоғары сынып оқушыларына лайықты ауысым өсіп келе жатыр деп нық сеніммен айта аламыз.
«Қостанай облысының олимпиадашылар шеруіне» облыстың 15 өңірінен 91 қатысушы енді. Олар – республикалық, халықаралық олимпиадалар мен жобалар конкурстарының, республикалық шығармашылық конкурстар мен оқулардың жүлдегерлері.
Олимпиадашылар шеруіне қатысушылардың биылғы оқу жылындағы жетістіктері – олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жаңа қатысушылары үшін жоғары деңгей! Оларға жаңа жеңістер мен жоғары жетістіктер тілейміз!