«Ясауитану» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы

    Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауидің даналығы мен ілімін дәріптеу, ұлы бабамыздың үлгісінде оқушыларды адамгершілікке, ақ ниеттілікке тәрбиелеу мақсатында «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы жыл сайын 6-11 сынып оқушылары арасында «Ясауитану» облыстық конкурсын өткізеді.

    Ағымдағы жылы облыстық байқау 15 қыркүйекте өтті. Оған облыстың 9 өңірі мен Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатынан барлығы 22 оқушы қатысты.

    Конкурстың жеңімпаздарын және оларды дайындаған мұғалімдерді құттықтаймыз!

    1 және 2 орын алған қатысушылар (Адебова Нұрсила, Қайыржан Гүлдана, Түркен Айтбійке) 2022 жылдың 13-14 қазанында Түркістанқ аласында өтетін республикалық конкурсқа біздің облыстың атынан қатысады.

    Оқушының тегі, аты

    Мектеп

    Сынып

    Мұғалім

    I  орын

    Адебова Нұрсила

     «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ

    11

    Бирманова Кымбат Исланбекқызы

    II орын

    Қайыржан Гүлдана

    «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Н.Г. Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ

    11

    Райсова Айгерим Базылбековна

     

    Түркен Айтбійке

     «Қарабалық ауданы білім бөлімінің М. Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ

    8

    Ескендирова Алмабике Мерекеновна

    III орын

    Мағзұм Нұржігіт

     «Арқалық қаласы білім бөлімінің №1 Ш. Уәлиханов  атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ

    8

    Кокышева Жұлдызай Мұраталиқызы

    Мыңбай Асылзат

     «Рудный қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі» КММ

    8

    Смагулова Гульжазира Гинятовна