«Ақберен» Республикалық конкурсының қорытындысы

    2020 жылдың 9-12 желтоқсан аралығында Республикалық «Ақберен» ақындық және шешендік өнер конкурсы өтті.

    Конкурстың мақсаты: жас ұрпаққа патриотизм рухын, тілді, әдебиетті меңгеруді, өлең жазуды, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсінуді, шығармашыл жастардың дарындылығын анықтау және қолдау көрсету.

    Конкурс алты номинация бойынша өтті. Қостанайлықтар үш номинация бойынша жүлделі орындарға ие болды. Жүлдегерлердің есімдері:

    • «Көркем сөз» номинациясы бойынша I орынды Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушысы Жүсіп Әулетбек иеленді (Жангелдин ауданы);
    • «Шешендік өнер» номинациясы бойынша ІІІ орынды Жасбуын орта мектебінің оқушысы Акбаров Нұржан иеленді (Амангелді ауданы);
    • «Аспапта орындау» номинациясы бойынша III орынды Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушысы Жаңабай Алтынай иеленді. (Жангелдин ауданы).
    • Амангелді ауданының Тасты орта мектебінің оқушысы Марал Қабдырашова «Ақындар сайысы» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды.

    Құттықтаймыз!