5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қорытындысы

    Ағымдағы жылғы 24 мамырда Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математикалық лицейінің базасында 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

    Олимпиада бүкіл ел бойынша бір уақытта өтті. Олимпиадаға барлық өңірлерден 300-ден астам қатысушы, оның ішінде Қостанай облысынан (Арқалық, Қостанай, Лисаков, Рудный қалалары мен Қарабалық, Қостанай аудандары, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты) 17 оқушы қатысты.

    Олимпиада прокторинг жүйесін қолдана отырып, онлайн режимінде өтті. Біздің облыстың болашақ олимпиадалық резерві тапсырмаларды сәтті орындап, лайықты нәтиже көрсетті.

    13 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды: 2 бірінші, 6 екінші және 5 үшінші орындар. Сонымен қатар 2 қатысушы грамотамен марапатталды.

     

    Қатысушының аты-жөні

    Білім беру ұйымы

    Сыныбы

    Пәні

    Орын

    1.

    Фазылханова Сабина

    Қостанай қаласы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебі

    6

    Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі

    1

    2.

    Нұрмағамбет Дария

     Ы.Алтынсарин атындағы  мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

    5

    Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі

    1

    3.

    Досжанова Анель

    Рудный қаласы білім бөлімінің № 4 мектеп-лицейі

    6

    Орыс тілі мен әдебиеті

    ІІ

    4.

    Сәндібек Нұрсая

    Ы.Алтынсарин атындағы  мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

    6

    Қазақ тілі мен әдебиеті

    ІІ

    5.

    Аймағамбет Алдияр

    Қарабалық ауданы білім бөлімінің М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі

    5

    Қазақстан тарихы

    ІІ

    6.

    Матвеева Алена

    Қостанай ауданы білім бөлімінің Тобыл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі

    6

    Жаратылыстану

    ІІ

    7.

    Бочкарев Егор

    Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп-гимназиясы

    5

     Жаратылыстану

    ІІ

    8.

    Золотаренко Екатерина

    Қостанай қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі

    5

    Ағылшын тілі

    ІІ

    9.

    Доненбаева Амира

    Қостанай қаласы білім бөлімінің С.Мәуленов атындағы гимназиясы

    5

    Математика

    ІІІ

    10.

    Сарсен Ахмет

    Ы.Алтынсарин атындағы  мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

    5

    Қазақ тілі мен әдебиеті

    ІІІ

    11.

    Қуанышбай Інжу

    Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

    5

    Қазақ тілі мен әдебиеті

    ІІІ

    12.

    Сивков Вадим

    Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп-лицейі

    5

    Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі

    ІІІ

    13.

    Бейсенбай Айша

    Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

    6

    Қазақстан тарихы

    ІІІ

    14.

    Трокоз Алёна

    Рудный қаласы білім бөлімінің №10 мектеп-гимназиясы

    5

    Орыс тілі мен әдебиеті

    Грамота

    15.

    Ли Кирилл

    Қостанай қаласы білім бөлімінің № 3 мектеп-гимназиясы

    6

    Математика

    Грамота

    Республикалық деңгейде табысты өнер көрсетулеріңізбен құттықтаймыз!