«Менің кіші Отаным» Республикалық жас тарихшылар конкурсының аудандық/қалалық кезеңінің қорытындысы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту»атты мақаласын іске асыру аясында «Туған жер» бағдарламасы бөлігінде, туған елінің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін, қоғамдық белсенділігін қалыптастыру және өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімін дамыту мақсатында 2022 жылдың 19 қыркүйегінде «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың Республикалық конкурсы бастау алды.
Ережеге сәйкес конкурс 3 кезеңде өтуде: аудандық (қалалық), облыстық және республикалық.
Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде конкурстың аудандық/қалалық кезеңдері өтті. Осы кезеңге облыстың 200 білім беру ұйымдарынан 9-10 сыныптардың 496 оқушылары қатысты. Конкурстың бұл кезеңінде қатысушылар тапсырмалардың екі түрін орындады: Қазақстан тарихы бойынша тестілеу және «Менің кіші отанымның тарихы», «Кіші Отанымның символы», «Менің Отанымның болашағы» номинациялары бойынша жобаларды қорғау және «Менің туған өлкем» атты номинациясында эссе жазудан тұрды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша 223 оқушы жүлдегер атанды, оның ішінде 58 оқушы – 1 орын, 80 оқушы – 2 орын және 85 оқушы - 3 орын алды.
Конкурс жеңімпаздары ағымдағы жылдың 14 қазанында өтетін облыстық кезеңге қатысады.