«Сіз білесіз бе?» атты экологиялық викторинаның қорытындысы

     

      

     

    «Қостанай дарыны» ӨҒПО жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 5 мамырында «Сіз білесіз бе?» атты экологиялық викторина өткізілді.

    Викторинаның мақсаты: экология және табиғатты қорғау саласындағы оқушылардың танымдық қызметін жандандыру, оқушылардың назарын қоршаған ортаның экологиялық проблемаларына аудару, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

    Викторина облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 2-4 сынып оқушылары үшін өткізілді. Олар табиғат пен экологияға қатысты 30 сұраққа жауап беруі керек болды.

    Викторинаға облыстың 18 өңірінен 562 оқушы қатысты. Денисов және Жангелдин аудандарының оқушылары қатысқан жоқ. Әулиекөл, Жітіқара, Қарабалық, Меңдіқара, Науырзым, Қамысты аудандары мен Б.Майлин атындағы аудан оқушыларының қатысу пайызы төмен.

    Алтынсарин, Амангелді, Қостанай, Федоров аудандарының, Рудный, Қостанай, Арқалық қалаларының оқушылары белсенді қатысты.

    128 оқушы викторина жүлдегерлері атанды. 1-ші орынға 2-ші сыныптың 3 оқушылары ие болды (Зайтинов Жантөре, Қостанай қ.; Магамедов Артур, Рудный қ.; Росев Дмитрий, Қарасу ауданы). 45 оқушы 2-ші орын және 80 оқушы 3-ші орын алды.

    Барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨҒПО дипломдары дайындалатын болады.

    ИТОГИ