Орыс тілі пәні бойынша он-лайнсабақ
2020 жылғы 12 мамыр күні облыстың олимпиадалық резерві үшін орыс тілі пәнінен екінші он-лайн сабақ өтті. Сабақ 9-11 сынып оқушылары мен оларды дайындаумен айналысатын педагогтерге арналған.
Сабақтың тақырыбы: «Репродуктивті және продуктивті жазбаша сөйлеуді үйрету». Жаттықтырушы – Зоя Сейсембаевна Исламгалиева, Ы. Алтынсаринатындағы мамандандырылған мектеп-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Сабақтың мақсаты: репродуктивті және продуктивті сөйлеу түрлерімен, бастапқы мәтін бойынша эссе жазу алгоритмімен таныстыру.
Педагог орыс тілі бойынша олимпиадаға дайындаудың негізгі принциптеріне, коммуникативтік жазбаша сөйлеу түрлеріне (тезис, баяндама, конспект, рефераттау және т.б.) және әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларда кездесетін тапсырма түрі - бастапқы мәтін бойынша эссе жазу алгоритміне тоқталды.
Сабаққа Лисаковқаласынан, Әулиекөл, Қамысты, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Б. Майлин аудандарының білім беру ұйымдарынан, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан 30 оқушы мен педагог қатысты.