Мектеп психологтары үшін «Qabilet қызметі» семинарын өткізу туралы ақпарат

    «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ «Ел үміті» бастамасының «Qabilet қызметі» жобасын тиімді іске асыру мақсатында 2022 жылғы 27 мамырда Алтынсарин ауданының білім беру ұйымдарының мектеп психологтары үшін «Qabilet» қызметі платформасымен және диагностикалау әдістемелерімен жұмысты түсіндіру бойынша семинар өтті.

    13 педагог-психолог «Qabilet» қызметінің платформасынада 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалаудың техникалық ұсынымдарымен танысты, тестілеуде ұсынылған авторлық әдістемелерді зерттеді. Қазіргі уақытта Қостанай облысының 5400-ден астам оқушысы диагностикадан өтіп, 4К қабілеттерін дамыту туралы ұсынымдар алды.

    https://qabilet.elbasyacademy.kz/ платформасында диагностиканы онлайн түрде өтуге болады.