«Атамекен-2021» облыстық зияткерлік-танымдық ойынының қорытындысы

     

      

    2021 жылдың 11-12 ақпанында 1-4 сынып оқушыларына арналған «Атамекен» облыстық зияткерлік-танымдық ойыны өтті.

    Ойынның мақсаты: танымдық белсенділікті дамыту және бастауыш мектеп жасындағы балалардың негізгі пәндерге қызығушылығын арттыру; қабілетті балаларды анықтау және оларды одан әрі қолдау.

    Міндеттері: оқушылардың математикадан, қазақ тілінен, орыс тілінен, дүниетанудан білімдерін тереңдету; оқушылар арасында зияткерлік ойындарды танымал ету.

    Бұл ойын алғаш рет қашықтан өтті. Ойын тапсырмалары 3 пән бойынша құрастырған: қазақ (орыс) тілі, математика және дүниетану. Ойын қатысушылары 60 сұраққа жауап берулері қажет болды.

    Биылғы ойынға облыстың барлық өңірлерінен 10 931 оқушы қатысты. Ең белсенді қатысушылары 2 сыныптың  3 185 оқушылары болды. Ал өңірлер арасында Қостанай қ., Арқалық қ. және Қостанай ауданынан келген оқушылардың белсенділіктерін атап өтуге болады.

    Бірақ ең нәтижелі 1-сынып оқушылары болды: 1025 қатысушы ойын жүлдегерлері атанды. Жалпы алғанда, жүлделі орындарға 3 509 оқушы ие болды, оның ішінде 335-і 1 орын, 1381-і екінші және 1793-і үшінші орын алды. Пән бойынша үздік білімді Алтынсарин, Қарабалық және Ұзынкөл ауданынан келген оқушылар көрсетті.

    Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді, ал жүлдегерлерге диплом жіберілетін болады.

    Итоги