Экономика пәні бойынша оқушылардың облыстық турнирі

     

    Экономика пәні бойынша оқушылардың облыстық турнирі экономикалық бағдарламаларды тарату, оқушылардың экономикалық білімі мен кәсіпкерлік дайындығын дамыту, сондай-ақ дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында өткізілді.

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 05 ақпанында экономика пәні бойынша облыстық турнирін қашықтық форматта өткізді. Турнирге облыс мектептерінің 10-11 сыныптарының 91 оқушысы қатысты (122 оқушы өтініш білдірді). Амангелді, Әулиекөл, Жангелді, Денисов, Қамысты, Науырзым, Меңдіқара, Сарыкөл, Федоров аудандары қатысқан жоқ.

    Турнирге қатысушылар тест тапсырмаларын орындап, экономикалық мәселелерді шешті.

    Турнир қорытындысы бойынша:

    1 орынды Қостанай қаласының №22 орта мектебінің 10 сынып оқушысы  - Попилянченко Юлиана иеленді;

    2 орынды - Ибрашев Алишер және Филатов Кирилл, Лисаков қаласының №6 орта мектебінің 10 сынып оқушылары иеленді;

    3 орынды -  Ставничая Дарья, Лисаков қаласының №6 орта мектебінің 10 сынып оқушысы иеленді;

    11 сынып оқушылары арасында жеңімпаздар атанған оқушылар:

    1 орын - Золотых Злата, Қостанай қаласының №8 орта мектебінің оқушысы;

    2 орын – Ибраева Дильназ, Қостанай қаласының №7 орта мектебінің оқушысы;

    3 орын – Вельможина Елизавета және Гимадеева Венера, Рудный қаласының №5 гимназияның оқушылары.

    Турнирдің барлық қатысушылары сертификаттарын алды, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом мен медаль берілді.

    Итоги областного турнира по экономике