2023 жылғы 27 қазанда Астана қаласында № 96 мектеп-гимназия базасында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың беделді халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлерімен салтанатты кездесуі өтті.
Жыл бойы республика мектептерінің оқушылары еліміздің атынан әлемдік деңгейдегі ең беделді халықаралық олимпиадаларға қатысты. Бұл кездесу республиканың үздік олимпиадашылары мен олардың жетекшілерінің қорытынды нәтижесі болып табылады. Кездесуге қатысушылар арасында Халықаралық математикалық олимпиаданың қола жүлдегері, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Даутов Жан да болды.
Олимпиада жүлдегерлеріне Олимпиададағы жеңісі үшін ақшалай көтермелеуге сертификаттар табысталды. Жанға 500 АЕК сомасына сертификат берілді.
Кездесуге олимпиада жүлдегерлерін дайындаған жаттықтырушылар мен ұстаздар да шақырылды. Жанмен бірге кездесуге математика пәнінің мұғалімі Дарын Сейдуәлі қатысты, облысымыздың қоржынын қампайтқан осы жоғары марапатСейдуәлінің таланты мен шеберлігінің арқасында келіп отыр.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің атынан алғыс хаттармен жүлдегерлер білім алатын білім беру ұйымдары, ұстаздар мен ата-аналар марапатталды.