«Өлкетануды зерттеудің заманауи педагогикалық тәжірибелері» облыстық семинары

     

    2023 жылдың 19 мамырында Ұзынкөл ауданында «Өлкетануды зерттеудің заманауи педагогикалық тәжірибелері» атты облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты: жобалау және зерттеу қызметі арқылы өлкетану бойынша жұмысты ұйымдастыруда педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал ету.

    Семинарға Меңдіқара, Жангелдин, Жітіқара, Ұзынкөл аудандары мен Лисаков қаласының 35 педагогы қатысты.

    Семинар барысында қатысушылар киелі орындар – Федоров ауылдық округіндегі Аспантай абыз әулие жерленген жерге және Пресногорьков ауылдық округіндегі Әулие-Никольск шіркеуіне барды.

    Ұзынкөл ауданы білім беру бөлімінің мектеп педагогтері мен әдіскерлері жобалау және зерттеу қызметінің тәжірибесін жинақтау бойынша шеберлік сыныптарын өткізді:

    • Темерханов Нуржан Талгатович, «Федоров жалпы білім беретін мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі;
    • Виниченко Сергей Николаевич, «Пресногорьков жалпы білім беретін мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі;
    • Бондаренко Римма Викторовна, «Киев жалпы білім беретін мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі;
    • Макубаева Данута Михайловна, «Троебрат жалпы білім беретін мектебі» КММ география пәнінің мұғалімі;
    • Карабалин Уразбай Кудайбергенович, Карабалин Адильхан     Кудайбергенович, «Федоров жалпы білім беретін мектебі» КММ география пәнінің мұғалімдері;
    • Редман Галина Адольфовна, «№1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі» КММ география пәнінің мұғалімі;
    • Амрина Аклима Алпамышевна, «№2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі;
    • Бурлакова Халида Алексеевна, «Бауман негізгі орта мектебі» КММ директорының ОТЖ жөніндегі орынбасары; Майканова Гульнар Идрисовна, «Ұзынкөл ауданының білім бөлімі» ММ РМК әдіскері; Евтушенко Наталья Каримовна, «Ұзынкөл ауданының білім бөлімі» ММ РМК әдіскері.

    Ұзынкөл ауданы мектептері педагогтарының әрқайсысы оқушылармен жұмыста жобалау және зерттеу қызметінде өңірлік компонентті пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

    Барлық қатысушыларға семинарға қатысқаны туралы «Қостанай дарыны» ӨОӘО сертификаттары табысталды.