«Кітап – асыл қазына» конкурсының қорытындысы

    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында және «Қостанай дарыны» ӨҒПО жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 25-27 сәуір аралығында «Кітап – асыл қазына» классикалық әдебиет шығармаларын оқудың облыстық конкурсы өтті. Байқауға 7-9 сыныптардың 1021 оқушысы қатысты: 478 оқушы Қ. Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» хикаяты бойынша және 543 оқушы В. Кавериннің «Екі капитан» шығармасы бойынша.

    Тестілеу нәтижесінің қорытындысы бойынша 179 оқушы жүлделі орындарға ие болды, атап айтқанда 82 оқушы Қ. Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» шығармасы бойынша, 97 оқушы В. Кавериннің «Екі капитан» шығармасы бойынша, сонымен қатар 366 оқушы сертификаттармен марапатталды.

    Амангелді (164), Б. Майлин (98), Қостанай (86), Әулиекөл (63) аудандары оқушыларының белсенділігі жоғары болды.

    Амангелді, Қостанай, Науырзым, Федоров аудандарының оқушылары кітаптар бойынша жоғары нәтиже көрсетті.

    Сертификаттар мен дипломдар  сілтеме бойынша https://drive.google.com/drive/folders/1154CnJWcy2e6Jl08Xt4UFI_3l2zaIi6T?usp=sharing

    қолжетімді болады.  

    Құттықтаймыз!

    ИТОГИ