Олимпиадалық резервінің оқу-жаттығу жиындары

    14 желтоқсаннан бастап жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша олимпиадалық резервінің оқу-жаттығу жиындары басталды.

    2020 жылдың шілде-тамыз айларында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы бірқатар рейтингтік олимпиадалар өткізді. Олимпиадалардың мақсаты халықаралық олимпиадаларға дайындалу үшін республиканың олимпиадалық құрамасына үздік оқушыларды іріктеу болды. Өкінішке орай, пандемияға байланысты 2019-2020 жылдардағы Республикалық олимпиада өтпей қалды. Бірақ бұл біздің оқушыларға өз білімдерін республикалық деңгейде көрсетуге кедергі болған жоқ.

    Олимпиадаға дайындалу үшін химия, биология, география және физика пәндерінен 4 оқушы шақырылды:

     

    Аты-жөні

    пән

    сынып

    мектеп

    1.

    Қали Асанәлі

    Химия

    9

    Дарынды балаларға арналған Білім-инновация лицей-интернаты

    2.

    Лис Валерия

    География

    10

    Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясы, Арқалық қ.

    3.

    Әмірғали Азат

    физика

    11

    Дарынды балаларға арналған Білім-инновация лицей-интернаты

    4.

    Дмитришин Сергей

    биология

    11

    Қостанай қ. № 1 мектеп-лицейі

    Сабақтар ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін жалғасады.