М. Әбділдин атындағы «Адам. Жер. Ғалам» оқушылар Республикалық турнирі

    ҚР БҒМ бекіткен 2020 жылға арналған «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК жұмыс жоспарын орындау мақсатында, дарынды балаларды қолдау және оқушыларға ғарыштық білім беруді дамыту мақсатында, сондай-ақ жалпы білім беретін мектеп оқушыларының астрономияға, физикаға, космонавтикаға деген қызығушылығын арттыру, ғарыш бағыты бойынша факультативтердің, үйірмелердің жұмысын жандандыру, ғарыш және ғарыштық технологиялар туралы білімді зерделеу және практикада қолдану, дарынды оқушыларды анықтау, мамандық таңдауда көмек көрсету мақсатында, 2020 жылдың 22-29 қараша аралығында Алматы қаласындағы, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» обсерваториясында М.Әбділдин атындағы «Адам.Жер.Ғалам» Республикалық турнирі өткізілді.

    Қостанай облысымыздың намысын «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан оқушылар командасы қорғады.

    Іс-шара қорытындысы бойынша командаға Турнир қатысушының Дипломы берілді.