Математика пәнінен оқыту семинары

    Жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасына оқушылардың сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында, 2020 жылдың 5-6 қарашасы аралығында мұғалімдерге арналған «Математика пәнінен олимпиадалық есептерді шешу» атты оқыту семинары өтті. Жаттықтырушы ретінде Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М. Горький атындағы гимназиясының педагог-зерттеушісі Динара Шәкірқызы Клышева шақырылды.

    Семинарда тыңдаушылардың олимпиадалық тапсырмаларды орындау үшін қажетті білім алу мәселелері қаралды. Семинар соңында өткізілген рефлексия тренердің жоғары кәсіби құзыреттілігін және мазмұн-мағынасының қанағаттанушылығын көрсетті.