Биологиядан «Логика қайда?» зияткерлік ойыны
Сабақ кестесіне сәйкес 2020 жылдың 23 қыркүйегінде он-лайн режимінде биология пәнінен «Логика қайда?» зияткерлік ойыны өтті.
8-9 сынып оқушыларына логика, тапқырлық және қиын жағдайларда тез шешім таба білу бойынша қызықты зияткерлік ойынға қатысу ұсынылды. Ойынды «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының биология пәні мұғалімі А.А. Кубаева ұйымдастырды.
Педагог сабақтан тыс уақытта дарынды оқушылармен қашықтан жүргізілетін жұмыстың тағы бір түрін көрсетті.
Ойынның бейнежазбасын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан көруге болады.