Шығыс Қазақстан университеті мен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған 10-11 сыныптар арасында Қазақстан тарихы пәні бойынша «Туған жер. Туған ел. Туғанглобал» республикалық олимпиаданың қорытындысы
2022 жылғы 18-20 мамырында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіҚазақстан тарихы, археология және өлкетану пәндері бойынша мектеп оқушыларына арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» республикалық онлайн пән олимпиадасын өткізді.
Республикалық онлайн-олимпиаданың мақсаты - оқушыларды тарихи сананы қалыптастыруға жәрдемдесу үшін Қазақстан тарихы, өлкетану білімі мен зерттеулеріне тарту болып табылады.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектептерінің 10-11 сыныптарының оқушылары қатысты. Республикалық онлайн пән олимпиада қорытындысы бойынша еліміздің әртүрлі аумақтарынан қатысқан 19 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Қостанай облысының командасы 7 оқушыдан құралды.
Олимпиада екі кезеңнен өтті: бірінші – тестілеу, екіншісі – берілген тақырыпқа жоба қорғау.Әділқазылар алқасының шешіміменжалпы ұпайлар бойынша командалық сайыста Қостанай облысының командасы ІІ орынға ие болып, арнайы дипломдармен марапатталды.
Бірінші дәрежелі дипломды – 1 оқушы (Қостанай қаласы білім бөлімінің С.Мәуленов атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы – Абдрахман Нұрлыхан), үшінші дәрежелі дипломды 4 оқушы (Қостанай қаласы білім бөлімінің М.Горький атындағы гимназияның 10 сынып оқушысы – Максутова Дана, Қостанай қаласы білім бөлімінің С.Мәуленов атындағы гимназияның 10 сынып оқушысы – Хайролла Думан және Қостанай облысы білім басқармасының МАТМЛИ «Озат» 10 сынып оқушылары Кабиев Жаслан мен Ануар Мариям) иеленді. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп,жеңімпаз командалардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Олимпиада жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!