Физика мұғалімдеріне арналған оқыту семинары

    Дарынды балалармен жұмыс жасауда педагогтарды дамыту және қолдау мақсатында 2022 жылғы 21 сәуірде физика пәні мұғалімдеріне арналған «Сақталу заңдарына олимпиада тапсырмаларын шешу»  тақырыбы бойынша онлайн форматта оқыту семинары өтті.

    Семинарға қатысушылар «Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының мұғалімдері Подгайный Е.В., Бабич  С.И. жұмыс тәжірибесімен танысты.

    Семинарда оқушыларды олимпиадалық есептерді шешуге дайындау әдістемесі бойынша сұрақтар қарастырылды, импульсті сақтау заңдарына мысалдар келтірілді, есептердің шешу  жолдары ұсынылды.

    Мұғалімдерге жұмыс тәжірибесін ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз!

    https://drive.google.com/drive/u/1/folders/1Qaee6oKafLEE5EJ0vaVg7Ga6UxgASghG