7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада

    2024 жылғы 20-22 мамырда Астана қаласында 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиада жаратылыстану-математика бағытындағы 6 пән бойынша өткізілді: математика, физика, химия, биология.

                Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа ерте тарту, оқылатын пәнге қызығушылығын ынталандыру.

                Қорытынды кезеңге 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

                Қостанай облысының олимпиадалық командасының құрамы 12 оқушыдан тұрды, оның 4-і жүлделі орындарға ие болды. Бір қатысушы грамотамен марапатталды.

     

    Қатысушының аты-жөні

    Білім беру ұйымы

    Пән

    Орын

    1

    Култаев Ансар

    Ш. Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі, Әулиекөл ауданы

    8

    География

    2

    Орлова Дарья

    Физика-математикалық лицейі, Қостанай қаласы

    7

    География  

    3

    Кожемяк Владислав

    М. Қозыбаев атындағы № 23 жалпы білім беретін мектеп, Қостанай қаласы

    7

    Физика

    4

    Гурский Даниил

    «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты

    8

    Биология

    5

    Гаврищук Владислав

    «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты

    8

    Физика

    Республикалық олимпиаданың жүлдегерлерін құттықтаймыз және табыстар тілейміз!