«Мектептегі дарынды балалармен жұмыс» вебинары

    2022 жылдың 3 мамырында «Мектептегі дарынды балалармен жұмыс» облыстық вебинары өтті. Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесін Алтынсарин ауданы Щербаков жалпы білім беру мектебінің педагогикалық ұжымы ұсынды.

    Вебинар аясында мектептегі бастауыш сыныптан бастап білімнің жоғарғы сатысына дейін дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс бойынша сұрақтар қаралды. Мектепте дарынды балалармен жұмыс психологтың жұмысынан басталады. Щербаков мектебінде психологиялық қызмет қалай құрылғанын педагог-психолог О.А.Ребро тәптіштеп түсіндірді, В.Е. Несина бастауыш мектепте дарынды балалармен жұмыс жасаудың құпиясымен бөлісті, ал орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері – ЛТ. Казыбаева, Б.Я. Кенжебаева, А.Ш. Байтикеновалар вебинарда өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар сабақта, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта да дарынды балалармен жұмыс кезінде өздері қолданатын әдіс-тәсілдер туралы баяндады.

    Вебинарға Қостанай облысының 9 өңірінен 32 білім беру ұйымының 80 педагогы мен әдіскері қатысты.

    Вебинардың бейнежазбасын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан қарауға болады.