2023 жылғы 19-20 желтоқсанда 7-10 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 2 443 оқушы қатысты, оның ішінде ауыл мектептерінен – 1156 қатысушы (немесе 47,3 %). Оқушылар арасында ең белсенді 7-сынып оқушылары – 894 қатысушы болды.

541 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның 136-сы 1 орын, 178-і екінші және 227-сі үшінші орын алды. Барлық қатысушылар сертификаттармен атап өтілді, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары табысталады.

 

ИТОГИ