1-6 сынып оқушыларына арналған жазғы білім фестивалін өткізудің қорытындысы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 1-2 маусым аралығында 1-6 сынып оқушыларына арналған жазғы білім фестивалін өткізді.
Іс - шараның мақсаты - өткен материалды жүйелеу, пәнге деген ой-өрісі мен қызығушылығын дамыту, ынталандыру және жазғы мектептегі неғұрлым дарынды оқушыларды одан әрі оқыту үшін іріктеу. Дайындалған тапсырмалар мектеп бағдарламасына толығымен сәйкес болды.
Кішкентай қатысушылар логиканы, ойлауды, зейінді, есте сақтауды дамытатын қоршаған әлем бойынша тапсырмаларды орындады. 3-6 сынып оқушылары үшін математика, жаратылыстану, қазақ және орыс тілдері пәндері бойынша күрделілігі әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар дайындалды.
Конкурсқа республиканың барлық өңірлерінен 9 828 бастауыш сынып оқушылары қатысты. Қазақ тілінде оқитын оқушылар белсенділік танытты, олардың саны – 5 204 білім алушыны құрады. Орыс тілінде оқитын оқушылардың саны төмен болды, олардың саны 4 624 оқушыны құрады.
Қостанай облысы оқушыларының ішінен конкурсқа 1-6 сыныптардың 394 оқушысы қатысты. 1-2 сынып оқушылары - 213 оқушы белсенділік танытты. Өңірлер арасында Қостанай қаласы мен Сарыкөл ауданының оқушылары белсенді болды.
Барлық қатысушылардың 44%-ы тапсырмаларды 60% және одан да көп орындады.
Конкурс қорытындысы бойынша 1-6 сыныптардың 67 қатысушысы Olimpic Summer School-ға шақырылды, оның ішінде 41 жаратылыстану пәндері бойынша және 26 математика пәні бойынша.
Сабақтар а.ж. маусым-тамыз айларында өткізіледі. Жазғы мектептегі сабақтардың қорытындысы бойынша 1-4 сыныптардың үздік оқушылары арнайы сыйлықтармен марапатталады, ал 5-6 сыныптардың 30 үздік оқушылары жазғы сауықтыру лагеріне жолдама алады.