2023 жылғы 26-27 қыркүйекте ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сынып оқушыларына арналған облыстық «Білімділер мен тапқырлар» қашықтық викторинасы өткізілді.
Викторинаға барлығы 15 ауданнан 472 оқушы қатысты.
Викторинаның қорытындысы бойынша 296 оқушы жүлделі орындардың иегерлері атанды: І орын – 59 оқушы, II oрын – 113 оқушы, III oрын – 124 оқушы. 110 қатысушы сертификаттармен атап өтілді.
Дипломдар мен сертификаттарды 2023 жылғы 10 қазаннан бастап төменде көрсетілген сілтеме бойынша жүктеу қолжетімді болады: http://tiny.cc/viktorina1
Байқаудың барлық қатысушыларына алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!