«Триумф-2020» жеңімпаздарын құттықтау рәсімі

    2020 жылдың 15 желтоқсанында дәстүрлі емес форматта «Триумф» республикалық және халықаралық олимпиадалардың, конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарын жыл сайынғы дәстүрлі түрде құттықтау рәсімі өткізілді. Биылғы жылы жеңімпаздардың кездесуі он-лайн форматта өтті.

    «Триумф» рәсімін өткізудің 11 жыл ішінде 1500-ден астам оқушы оның қатысушы ретінде атанып, 200-ден астам адам марапатталған болатын. Биылғы жылы марапаттау рәсімі 40 марапатталушылар үшін өтті.

    Амангелді, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Ұзынкөл  аудандарының, Арқалық, Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларының 20 оқушылары және олардың педагогтарының жетістіктері атап өтілді.

    5 триумфатор мен олардың педагогтары Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бахыт Амангелдіқызы Есимовамен бірге кездесуге шақырылды. Қалған рәсім қатысушылары бұл кездесуге бейнеконференция арқылы қатысты.

    Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бахыт Амангелдіқызы Есимова құттықтау сөзінде: «Бүгін қатысушылардың әрқайсысы: педагогтар, жаттықтырушылар және оқушылар үшін - биылғы жыл олимпиадалар мен конкурстарға қатысудың жаңа тәжірибесін алған жыл болды, бірақ сіздердің жеңістеріңіздің құндылығы, бұдан да қымбат.

    Сіздердің әрбір жеңісіңіз - бұл біздің мемлекетіміз дұрыс бағытта дамып келе жатқандығының, сіздің жаңа білім, спорттық және шығармашылық жарыстар мен конкурстарға қатысудың жаңа тәжірибесін алуға ұмтылыстарыңызға қолдау көрсету үшін мемлекет дұрыс және қажетті қадамдар жасап жатқандығының дәлелі».

    Ол педагогтарға жүгініп алғысын білдірді: «Дарынды және талантты балаларды қолдауға және ілгерілетуге қосқан үлесі ерекше құнды болып табылатын барлық педагогтарға алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге алғыс айта отырып, біз сіздердің оқушыларыңыздың жеңістерімен мақтана аламыз. Сіздердің арқаларыңызда Қостанай облысын біздің республикамыздан тыс жерлерде де біледі. Сіздің қосқан үлесіңізді бағалау қиын, өйткені балаға, оның талантына арналған уақыт, - баға жетпес».

    Облыстың үздік зиялылары қатарынан Алавягина Ангелина (Арқалық қаласының Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясы),  Трефилов Сергей (Қостанай қ.физика-математика лицейі), Май Виолетта (Лисаков қ. мектеп-гимназиясы), Корчагина Полина (Қостанай қ. физика-математика лицейі) және лицей-интернатының 3 оқушылары және Дарынды балаларға арналған Білім-инновация лицей-интернатының 3 оқушылары: Әлібеков Нұрым, Көшербаев Арман және Әмірғали Азат марапатталды.

    Еңбектері атап өтілген педагогтар Пэк Александр Викторович (Арқалық қаласының Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясы), Немцов Александр Александрович (Қостанай қаласының физика-математика лицейі), Ковенькова Ирина Васильевна (Лисаков қаласының мектеп-гимназиясы), Грынькив Ирина Алексеевна (Қостанай қаласының физика-математика лицейі), Ахметов Сұлтан Құрманғалиұлы, Кенжекей Жеңіс Қуанышбайұлы, Моминов Дилшод Абдурашидович (дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернаты) атанды.

    Рәсімнің барлық қатысушыларына бағалы сыйлықтар табыс етілді: оқушылар салтанатты еске алу құрметіне «Триумф» естелік мүсіншесін, Қостанай облысы әкімінің құттықтауы бар ашық хат пен ноутбук, ал педагогтар - планшеттер мен Қостанай облысы әкімі орынбасарының алғыс хаттарын алды.