«Полиглот» облыстық қашықтық олимпиадасының 1 тур қорытындысы

     

      

     

    2021 жылдың 8-9 сәуірінде 5-6 сынып оқушыларына арналған «Полиглот» облыстық қашықтық олимпиадасының 1 туры өтті.

    Олимпиаданың негізгі мақсаты - тілтанымдық  дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, оларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуде табысқа жетелеу, оқушыларды көптілді білім алуға ынталандыру.

    Оқушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша лексиканы, грамматиканы, орфографияны білуге 60 сұрақ, сондай-ақ тілді білуге қызықты сұрақтар ұсынылды.

    Олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен 1346 оқушы қатысты. Ең белсенділері Қостанай қаласының (216 қатысушы), Б. Майлин ауданының (122 қатысушы), Арқалық қаласының (114 қатысушы) және Әулиекөл ауданының (110 қатысушы) оқушылары болды.

    2-ші турға өту үшін оқушылар кем дегенде 50% балл жинау керек еді 2 турға өту шамасы 70 балл болды.

    Олимпиаданың 2 турына 790 оқушы қатысты (58,7 %). Олимпиаданың 2-туры ағымдағы жылдың 26-27 сәуірінде өтеді, одан кейін тілдерді білудегі мықтылар анықталады.

    1 турдың қорытындысы бойынша барлық қатысушылар «Қостанай дарыны» ӨҒПО сертификатына ие болды.

    Итоги 1 тура