Оқушыларды олимпиадаларға дайындау бойынша оқыту семинары

     

      

     

    «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 12 мамырында Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелді және Науырзым аудандарының математика және география пәні мұғалімдері үшін «Олимпиадалық міндеттерді шешу» атты қашықтық форматта оқыту семинарын өткізді. Семинарға 54 география және 52 математика мұғалімдері қатысты.

    Семинар жаттықтырушылары А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары Г.К. Баубекова және Г.Б. Асканбаева олимпиада тапсырмалары мен оларды шешу тәсілдеріне толық шолу жасады.

    Оқыту семинарының соңында тыңдаушыларға сертификаттар берілді.