Завершился II этап Национальной интеллектуальной олимпиады «Мың бала» 2022 года [ожидает перевода]
2022 жылдың 27 сәуірінде «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының II кезеңі басталды. «Мың бала» - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін қолдауға, сондай-ақ дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін академиялық қабілеті бар оқушыларды іріктеуге бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба. Үшінші жыл қатарынан «Мың бала» олимпиадасы қабілетті ауыл оқушыларын анықтап келеді.
Олимпиаданың бірінші кезеңі онлайн форматта өткізілді, оған біздің облыстың барлық өңірлерінен 4588 оқушы қатысты. Қостанай облысының I кезеңінің 124 финалисі 28 және 29 сәуірде өңірлік тестілеу орталықтары базасында математикалық сауаттылық, қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін оқушылар үшін), орыс тілі (оқыту орыс тілінде жүргізілетін оқушылар үшін), ағылшын тілі және жаратылыстану бойынша академиялық білімді бағалауға компьютерлік тестілеуден өтті.
Айта кету керек, екі жыл ішінде 5-6 сыныптардың 103 оқушысы олимпиада жеңімпаздары атанды. 6 сынып оқушыларын дарынды балаларға арналған мектептерге бөлу олимпиаданың басты міндеті болып табылады. Осы жылдар ішінде 11 жеңімпаз еліміздің дарынды балаларына арналған мектептерге қабылданып, жоғары академиялық нәтижелер көрсетіп, зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында жеңіске жетіп, оқуын жалғастыруда.