8-11 сынып оқушылары арасындағы Әл - Фараби атындағы республикалық ғылыми конкурстың қорытындысы

    Ұлы ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы балалардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын дамыту мақсатында 2020 жылдың 23 қарашасы мен 27 қарашасы аралығында 8-11 сынып оқушылары үшін Әл-Фараби атындағы Ғылыми конкурсын өткізді.

    Елімізде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты ғылыми конкурс 7 секция бойынша қашықтықтан онлайн режимінде өткізілді:

    1. Физика

    2. Жер және ғарыш туралы ғылымдар

    3. Математика

    4. Информатика

    5. Биология

    6. Химия

    7. Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау.

    Байқауға Қостанай облысының 14 оқушысы қатысты: Рудный қаласының Бейімбет Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы – 2, «Озат» ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты - 4, Лисаков қаласының мектеп-гимназиясы - 2, Қостанай қаласының № 19 орта мектебі - 1, Қостанай қаласының М.А. Горький атындағы гимназиясы - 1, Жітіқара ауданының гимназиясы - 1, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп – интернаты - 2, Арқалық қаласының Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясы - 1.

    Конкурстық жұмыстар ережеге сәйкес Antiplagiat жүйесі арқылы тексерілді, сондай-ақ қатысушылар өз жұмыстарын  Zoom  платформасы  арқылы тікелей эфирде қорғады. Конкурстың қорытындысы бойынша 5 оқушы жүлделі орынға ие болып, 1 оқушы грамотамен марапатталды.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  тізімі:

    Автордың  Т.А

    Өңір, білім ұйымының атауы

    Сынып  

    Секция

    Орын

    1

    Жумаделов Алишер

    Қостанай қаласы, «Озат» ақпараттық-технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

    10

    Информатика

    1

    2

    Дощанова Дарина

    Қостанай қаласы, А.М.Горький атындағы гимназия

    10

    Математика

    1

    3

    Писарев Дмитрий

    Лисаковск қаласы, Мектеп-гимназия

    10

    Жер және ғарыш туралы ғылымдар

    3

    4

    Мельникова Диана

    Қостанай қаласы, «Озат» ақпараттық-технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

    10

    Биология

    3

    5

    Утегенова Камила

    Қостанай қаласы, «Озат» ақпараттық-технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

    10

    Химия

    3

    6

    Сейткалиев Арыстан

    Лисаковск қаласы, мектеп-гимназия

    8

    Информатика

    Грамота