«Qabilet» қызметіҚостанай қаласының мектеп психологтары үшін семинарлар өткізді

    2022 жылғы 12 және 20 желтоқсанда «Qabilet» қызметінің қызметкерлері Ақанбаев Бағлан Нұрланұлы мен Жұмабаева Динара Амандыққызы «Қостанай дарыны» ӨОӘО базасында «Qabilet» қызметінің платформасымен және диагностикалау әдістемелерімен жұмысты түсіндіру бойынша Қостанай қаласы білім беру ұйымдарының мектеп психологтарына арналған семинарлар өткізді.

    42 педагог-психолог «Qabilet»арқылы 7-11 жастағы балалардың қабілеттеріне диагностика жүргізудің техникалық бөлігі нұсқаулығымен танысты, тестілеу түрінде ұсынылған авторлық әдістемелерді және 10-11 жастағы балаларға арналған психологиялық жаттығуларды, 4К шеңберінде дамыту қабілеттерін зерттеді.