Оқушыларды олимпиадаға дайындау бойынша оқыту семинарлары

     

      

     

    Оқушыларды олимпиадаға сапалы дайындауды қамтамасыз ету мақсатында «Қостанай дарыны» ӨҒПО жаратылыстану-математика бағытындағы ауыл педагогтері үшін семинар циклін өткізеді. Семинарға Алтынсарин, Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарының 75 математика және география пәнінің мұғалімдері онлайн түрде қатысты.

    Жаттықтырушы ретінде мұғалімдер: Қостанай қаласының №23 орта мектебінің жоғары санатының мұғалімі, педагог шебері Калинина Татьяна Юрьевна, «География» пәні) және Қостанай қаласының М.Горький атындағы гимназиясының жоғары санатты мұғалімі, педагог-зерттеушісі Клышева Динара Шакировна («Математика» пәні) шақырылған. Татьяна Юрьевна мен Динара Шакировнаның оқушылары зияткерлік жарыстардың жыл сайынғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанады.

    Семинардың мазмұны республикалық олимпиаданың және мектеп бағдарламасынан аса күрделі есептерді шешуге бағытталған.

    Оқыту семинарының соңында тыңдаушылар «Қостанай дарыны» ӨҒПО сертификаттарын алды.