«Болашаққа жол өзіңнен басталады» республикалық вебинар

    2020 жылдың 4-5 қарашасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы» мемлекеттік мекемесі 9-11 сынып оқушыларына арналған «Болашаққа жол өзіңнен  басталады» атты республикалық вебинар өткізді.

    Вебинардың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымдамалық идеялары мен жаһандық бастамаларын жан-жақты насихаттайтын Қазақстан жастарының патриоттық сезімін арттыруға және әлеуметтік-азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік мәні бар жобаларды іске асыру. Вебинарға Қостанай облысының білім беру ұйымдарының 25 оқушысы қатысты. Қазақ тілінде – 14, орыс тілінде-11.

    Сабақта оқушылар «Тәуелсіздік дәуірі» және  «Төртінші өнеркәсіптік революция» тақырыбында дәріс тыңдады. Олар жаттығулар мен түрлі тапсырмаларды орындады, елдің белгілі бір бағдарламалық құжатын құрудың алғышарттары, мемлекеттің даму барысы, оның жетістіктері мен жоспарлары туралы толық ақпарат алды.