Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 997 «Ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу және оларға қолдау көрсету мен қабілетін дамыту бойынша олардың әрқайсысы үшін жеке жол картасын жасау жөніндегі жол картасын бекіту туралы»қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының «ЕЛ ҮМІТІ» бастамасын іске асыру мақсатында 2020 жылғы 21 тамызда Қостанай облысында Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңі өтті. Олимпиадаға 5-6 сыныптардың 142 оқушысы қатысты.
«Мың бала» ұлттық олимпиадасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ«Қостанай қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы, «Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Б.Қолдасбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Денисов ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің №1 Денисов орта мектебі» КММ базаларында өтті.
Тестілеу функционалдық сауаттылықты және қатысушылардың абстрактілі-логикалық ойлауын бағалауды қамтыды.
Екінші кезеңнің қорытындысын шығару ұпайларды саралау және ел бойынша ең жоғары тестілеу нәтижелері бар 1000 оқушыны іріктеу арқылы жүргізіледі. Ең жоғары ұпай саны – 100.
Олимпиаданың 1000 жеңімпаз-оқушысының тізімі www.fnn.kz сайтында екінші кезеңнен кейін 14 күн өткен соңжарияланатын болады.