«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 11 қазанда мұғалімдерге арналған «Биология пәні бойынша олимпиадалық есептерді шешу» атты облыстық семинар өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты - жаратылыстану-математика циклі педагогтерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиадаға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.

Семинарға облыстың 15 ауданы мен 4 қаласынан 20 мұғалім қатысты. Семинарды «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» КММ биология пәнінің мұғалімі Ирина Георгиевна Кириченко өткізді.

Қатысушылар республикалық олимпиаданың түрлі кезеңдерінде оқушыларға ұсынылған тапсырмаларды талдады.