Математика, физика, информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған VIII Халықаралық шығармашылық конкурс

     

      

     

    4-5 желтоқсанда Алматы қаласында математика, физика, информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған VIII Халықаралық шығармашылық конкурс өтті. Жыл сайын республиканың үздік мұғалімдері тәжірибе алмасу және олимпиадаға қатысу үшін жиналады.

    Осы жылы олимпиадаға дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатының физика пәнінің мұғалімі Ержан Есетұлы Жумадилов және математика пәнінің мұғалімі Дарын Жұмабекұлы Сейдуәлі қатысты. Педагогтер осы конкурста  І және ІІ орындарға ие болды.

    Құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!